​Биыл 1-сыныпқа қанша бала баратыны белгілі болды

01 тамыз, 18:23

Елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды. Төрт ай ішінде 400 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуға құжат тапсырған. Оқу-ағарту министрлігіндегілер 400 мың өтініштің 80%-ы электронды форматта келіп түскенін айтты.

Ведомства мәліметінше, бірінші сынып оқушыларының ең көп саны Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында екен.
«Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші
Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында.
Бұл - балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының қорытындысы. Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындауға және ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі» делінген министрлік мәліметінде.