20 ақпан, 16:04
Аудандарда бизнес жүргізу жеңілдей түседі. Себебі, кәсіпкерлерге коммуналды қызмет тарифтері еселеп арзандай түсті. Дегенмен, бұл үшін кәсіпті Шардарада ашу керек. Сондағы индустриалды аймақта 1 кВт/сағ электр энергиясының бағасы – 6 теңге, 18 тиын. Бұған дейін бұл тариф 13 теңге 43 тиын еді.
Жаңа бағаның қалыптасуына аудандағы су электр станциясының жұмыс істей бастауы әсер етті. Айта кетейік, индустриалды аймақт әзірге жалпы құны 1 125 млн теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлер 400-ден астам жұмыс орнын ашпақ. Оның арасында құны 2,4 млн доллар мақта өңдеу зауыты да бар. Өндірісте жергілікті шикізат қолданылады. Қуаттылығы 50 мың тонна жобаны сүйемелдеумен «Turkistan Invest» өкілдері, «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы айналысуда. Анық болғаны, отандық өндірістің тауарын көрші елдердің нарығына жіберу жоспарлануда.
Автор:
Бахыт Нурсеит