"Қоңыр унитаз": Қазақстандық бизнесмен бастықтарды ұятқа қалдырудың жолын тапты

29 қаңтар, 18:30

​Танымал бизнесмен Марғұлан Сейсембай қолынан түк келмейтін басшыларды анықтау мақсатында «Қоңыр унитаз» премиясын жария етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұл туралы ойымен кәсіпкер өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

«Қолынан түк келмейтін бастықты табудың флешмобын жариялап, «ҚОҢЫР УНИТАЗ» ұлттық премиясын жариялаймын. Егер сіз ең нашар деген әжетхананы көрсеңіз, оны сурет пен видеоға түсіріңіз. Жанына ол мекеменің бастығының суретін салып қойыңыздар постыңызға. #қоңырунитаз деген хештег қойыңыздар. Бәріміз ұятқа қалдырайық ол басшының қабілетін» деп жазған ол флешомб жүлдегерлеріне сыйлық та тағайындап қойған мәлім етті.

«Флешмоб жүлдегеріне біз шығаратын өніміміздің жинағын сыйлаймын. Оны наурыздың 1-іне анықтаймыз. Ал ең нашар әжетханалы бастыққа «Қоңы УНИТАЗ» жүлдесін жібереміз» деп бөлісті Марғұлан Сейсембай.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары автордың ұсынысын қолдап, өз пікірлерін қарша боратты. Тіпті қазірдің өзінде бірнеше әжетхананың суретін жүктеп те үлгерген қолданушылар бар.