Астаналық бизнесмен кәсіпкерлерді тұрмысы төмен отбасыларға баспана алып беруге шақырды (ВИДЕО)

06 ақпан, 16:45

«Брат ломбард» компаниясының иесі өзі қатарлы және деңгейі одан жоғары қайырымды бизнесмендерге үндеу жасап, тұрмысы төмен отбасыларға баспана сатып алып беруге шақырды, деп жазады Elitar.kz.

Өзінің үндеуін ол Instagram желісінде жариялап отыр.

«Ситер отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Барлығымызды бұл оқиға есеңгіретіп кетті. Адамдар кінәлілерді іздеп, мемлекеттік айыптауда. Бірақ, енді барлығы кеш емес пе. Қазақстанда басында баспанасы жоқ, тұрмысы төмен отбасылар көп қой. Мен, өз елімнің патриоты, мұсылман азамат ретінде өзімнің атынан мұқтаж отбасыға бір бөлмелі пәтер сатып алып беруге дайынмын», - дейді кәсіпкер өзінің үндеуінде.
Кәсіпкер көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды компаниясының кеңсесіне шақырып отыр. Және өзі сияқты және одан да жоғары деңгейдегі кәсіпкерлерді тыс қалмай, өз халқына пайда әкелуге шақырып отыр.
Кәсіпкер өзінің постында бірнеше іскер азаматты белгілеген. Ал постын #эстафетадобра хэштегімен аяқтап отыр.