Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейде ҚР Президентінің Жолдауы аясында білім саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мұхтар Ақбердиев, мектеп мұғалімдері Жолдауды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, білім саласына жүктелген міндеттер бойынша өзара пікір алмасты.
"Жолдау аясындағы тапсырмаларды орындау бойынша ауданда бастауыш партия ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп мұғалімдері белсенділік танытып келеді. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет ауқымды. Алдағы уақытта партия мүшелерімен бірлесіп, жұмыстар атқарамыз", – деді М.Ақбердиев.
"Сондықтан осы ұлттық жобаны іске асыру Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің мақсатына сай пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әкімдер жыл соңына дейін Жер, инфрақұрылым бойынша барлық мәселелерді шешуі тиіс. Мұнда ешқандай сылтау орынды емес. Сондықтан өңір әкімдерінің дербес жауапкершілігін бекіту жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуы тиіс мектептер бойынша бір ай ішінде жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосылу жөніндегі барлық мәселелер шешілуі тиіс. Қалғандары үшін-жыл соңына дейін. Үкіметтен әрбір өңірдің осындай міндеттемелерін қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды сұраймын", - деді Мемлекет басшысы.