Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылы тұрғындарының айтуынша, бір үй опырылып құлаған. Баспанасы су астында қалған ауылдықтар қазір мәдениет үйіне көшірілді. Ауыл тұрғындары төрт түлік малды жеке көлігімен тасып әлекке түсіпті. Облыс орталығында осы жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, арнайы техникалармен жасақталған құтқарушылар тобы аттандырылды. Сонымен қатар су басуы мүмкін аймақтарды төтеншеліктер тікұшақ арқылы әуеден барлаған.
- Қазір бұл ауылдармен қатынас жоқ. Бірақ науқас адамдар, жүкті әйелдер қауіпсіз жерге шығарылды. Ауылдарда азық-түлік жеткілікті. Мал азығынан да тапшылық жоқ. Бір-екі күнге шыдауы тиіс. Оған дейін судың беті қайтады деп ойлаймын.