Еріген қар суы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданындағы Қоскөл орта мектебінің жаңа корпусын бүлдірген. 1988 жылы салынғалы бері жөнделмеген мектептің бұл бөлігін кезінде ауыл тұрғындары өз қаржысына салған екен. 28 наурызда еріген қар суы мектептің осы жаңа корпусын бүлдірген. Ауылдықтардың айтуынша, білім ошағындағы кітаптар мен құжаттар суға кетіпті. Тасқын суға қарсы тұрар техникасы болмаса да, ауылдықтар өздері құм тасып, суда қалған кітаптар мен құжаттарды құрғақ жерге шығарыпты.