БҚО: жол апатынан екі адам опат болғаны белгілі болды.

11 наурыз, 09:51

“DAF“ және ”КамАЗ” маркалы ауыр жүк көліктері 10-наурыз, сағат 16:30 шамасында

Самара-Шымкент тас жолының 338 шақырымында бетпе-бет соғылған. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері қаза тапты. Олардың бірі - Талдықорған облысының тумасы Фоминих Андрей есімді азамат, екіншісі - “Камаз” жүк көлігінің жүргізушісі, Қаратөбе ауданының тумасы 1987 ж.т. Өтеғалиев Қайрат Мақсотұлы , - деді жол сақшылары. Қазір апат себептері анықталып жатыр.