​Boeing компаниясы 737 Max ұшағын дүниежүзі бойынша пайдалануға тыйым салды

14 наурыз, 10:09

АҚШ президенті Дональд Трамп Эфиопия мен Индонезияда болған апаттардан соң Boeing 737 Max 8 және Max 9 әуе кемелерін ұшыруды бірден тоқтатуды тапсырды, деп жазады BBC.

Әуе компаниясы президенттің шешімін қолдап, Федералды азаматтық авиация басқармасына осы ұшақ түрін бүкіл әлем бойынша ұшыруды уақытша тоқтатуды ұсынды.

«Boeing әлі де болса 737 Max ұшағының қауіпсіздігіне толық сенімді. Дегенмен, АҚШ федералды авиациялық басқармасы (FAA), АҚШ көліктегі қауіпсіздік бойынша Ұлттық кеңесімен (NTSB), авиациялық билік және олардың дүниежүзіндегі клиенттерімен кеңескен соң Boeing қауіпсіздіктің жоғары шаралары мен осы ұшақтың қауіпсіздігіне байланысты қауымдастықты тынышталдыру үшін Федералды азаматтық авиация басқармасына Boeing 737 Max ұшақтарының ұшуын уақытша тоқтатуды ұсынды. Дүниежүзі бойынша бұл ұшақтың 371 данасы бар», - делінген Boeing хабарламасында.
АҚШ-та Boeing 737 Max ұшағын United Airlines, American Airlines және Southwest Airlines әуе компаниялары пайдаланады.