Жеке сектордың 150-ден астам абоненті газсыз қалды

26 тамыз, 08:41

Жеңіл көлік жүргізушісі жеке сектордың 150-ден астам абонентін газсыз қалдырды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Жол-көлік оқиғасы 26 тамыз күні таңғы сағат 5-те Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округінде орын алған. "BMW" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөмірсіз Ду 100мм, орташа қысымды газ құбырын соғып кетті. Нәтижесінде құбырдың дәнекерленген тұсы толықтай ажылап кеткен.

Газбен жабдықтау ұйымының мамандары газ кетуді тоқтатты. Газбен жабдықтау жүйесінен жеке сектордың 153 абоненті сөндірілді.
Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оны іздестірумен Сарыағаш АІІБ қызметкерлері айналысуда.