Мереке күндері екі мыңнан астам полицей өңірді бақылайды

29 желтоқсан, 14:10

Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2018 жылдың 29 желтоқсаны мен 2019 жылдың 3 қаңтары аралығында Түркістан облысының полиция департаменті күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады. Жаңа жыл күндері екі мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді" делінген хабарламада.