Шымкентте 1,5 мың көлік жүргізуші VIP нөмірлер сатып алған

26 ақпан, 12:27

Елімізде VIP нөмірлерге деген сұраныс төмендегеніне қарамастан Қазақстандағы үш мегаполис қалаларында ерекше нөмерлердің сатып алушылар азаймаған, деп хабарлайды kazinform.

2019 жылы мамандандырылған ХҚКО арқылы қазақстандықтар жоғары сұранысқа ие 12,5 мыңнан астам нөмірді сатып алған. Ал 2018 жылы мамандандырылған орталықтар арқылы жоғары сұраныстың 15 мыңға жуық мемлекеттік нөмір берілді.
Сонымен қатар, өңірлер бөлінісінде градация VIP-нөмірлер әуесқойлары бұрынғысынша Алматының (4,5 мың), Нұр-Сұлтан (екі мыңға жуық) және Шымкенттің (1,5 мыңнан астам) көлік иелерінің еншісінде.

Айта кету керек, енді сандық және әріптік белгілері бар нөмірлер тек арнайы бағамен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының арнайы ХҚКО секторларында қолжетімді.