Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Жамбыл облыстық полициясы ер адамдарды алдап, тұрмысқа шығып жүрген алаяқты іздестіріп жатыр.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бірнеше рет сотталған Айгүл Ниязова түрлі алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген.
"Әйел жалғыз қарт ер адамдардың сеніміне кіріп, олармен жалған неке қиған. Содан кейін туыстарын жұмысқа орналастырамын немесе бағдарлама бойынша тұрғын үй (пәтер) аламыз деп олардың ақшасын алып отырған. Оның мойнында басқа да ұқсас қылмыстар болуы мүмкін", - деді полиция өкілдері.
Полицейлер әйел жайлы, оның орналасқан жері туралы ақпарат белгілі болса немесе оның іс-әрекеттерінен зардап шексеңіз, Жамбыл облысының полиция департаментіне телефон арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 немесе "102" пультіне