Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Талдықорған қаласындағы жекеменшік нотариуске қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Ведомство мәліметінше, ол азаматтық іс бойынша оң шешім шығару үшін Талдықорған қалалық сотының судьяларына пара беру сылтауымен алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы 5 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, азаматты пара беруге арандатты деп күдіктелуде.
Процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ. Өйткені күдікті қорғаушысы қасында болғанда өз кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін жеткізген. Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.