16 қараша, 10:30
Форум жұмысы Қазақстандағы Өзбекстанның жылының жабылуына орай өткен бизнес-форумнан басталды. Бұл салада екі елдің мүддесіне сай келетін тұс көп деп сенеді қатысушылар.
Бизнес-форум аясында Қазақстанға қызықты туристік бағыттар жасау маңызды екені айтылды. Соның нәтижесінде елдің туристік әлеуетін шетелде танытуға болады.
"Бәрімізге белгілі, көптеген елдерде өздерінің туристік өнімдері бар. Өзбекстан - бұл көне қалалар, гастроном турлары, Тәжікстанда - Памирге саяхат, Түркменстанның әйгілі шөлдері бар, ал Қырғызстанда өздерінің брендіне айналған көшпенділердің ойындары өтуде. Ал Қазақстанның табиғаты бар бола тұрып дайын туристік өнімдер жоқ. Туристік әлеуеттің дамуына осы мәселе қатты кедергі келтіруде" деп санайды германиялық саяхатшы, Орта Азия бойынша жол сілтеу кітабының авторы Дагмар Швайбер.
Айтқандай, бізде тек туристік өнімдер ғана емес, білікті жол сілтеушілер де жоқ секілді.
Форумға қатысушылардың барлығына сувенир қалталар берілді. Онда форумның принті бар блокнот пен қаламға қоса "Өзбекстанға саяхат жасаудың 10 себебі" деген әдемі буклет болды. Жалпы, түсініксіз қалғаны - ұйымдастырушылар асықты ма немесе басқа себебі бар ма, әйтеуір, форумға қатысушылар Қазақстанды сипаттаған буклеттерді көре алмады.