Шымкенттіктер салықтың есептелуі, төленуі, пайда болған берешек қарыздары туралы жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарды 87786917615 нөміріндегі «WhatsApp» мессенджері арқылы білуіне мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері хабарлады.
Жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарды жұмыс күндері (дүйсенбіден жұма күндері) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады.