ШҚО шенеуніктері қызметтегі салғырттық үшін айыппұл төлейтін болды

21 қараша, 14:00

Семейдің тұрғыны қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясын сотқа берді, деп хабарлайды Elitar.kz

Бұл азаматтың айтуынша, қаладағы коммуналды қызмет басшыларының кесірінен оның автокөлігі бүлініпті. Яғни әкімшілік полиция ғимаратына жақын жерде тұрған көлікке қураған ағаш құлаған.

- Сот процесі барысында екі тарап келісімге келіп, жауап беруші тарап материалды шығын ретінде 175 000 теңгені тиісті мерзімде төлеуге міндеттелді. Ал талапкер өз кезегінде шағымынан бас тартты, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Өндірістегі іс тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Көрнекі фото: mir24.tv