Үкімет мүшелері шымкенттіктермен кездесті

10 сәуір, 13:40

​Шымкент қаласындағы Орыс драма театрында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы М.Жайымбетов қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұртшылық алдында Үкімет мүшелері Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының ақпан айындағы сьезінде атап өткен табысы төмен азаматтардың, көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау салаларының және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды түсіндірді.