Президент сайлауы: Кандидаттардың пікірсайысы 29 мамырда тікелей эфирде өтеді

28 мамыр, 10:46

2019 жылдың 29 мамырында сағат 18: 00-де "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды пікірсайыстары мен талқылаулары өтеді, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының белгіленген регламентіне сәйкес теледебаттар мен пікірталастар 3 раундқа бөлінген.

Бірінші раунд: "Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтары". Сайлауалды телевизиялық пікірталастар мен талқылаулардың бірінші раунды екі турдан тұрады. Бірінші турда өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын ұсыну мақсатында әрбір қатысушының сөз сөйлеуі өтеді.

Екінші раунд: пікірталас сессиясына қатысушылардан өз оппоненттеріне "сұрақтар-жауаптар". Қатысушылар өз қарсыластарына екі сұрақ қойып, екі сұраққа жауап бере алады.

Екінші раундтың тақырыбы: "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы". Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырыпқа қатысады. Екінші турда барлық қатысушылар бір мәселені қарастырады.

Үшінші раундтың тақырыбы "сайлаушыларға сөз". Үшінші раундта қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді.

Түсірілім "Қазмедиа орталығы" медиакомплексінің павильонында ұйымдастырылады. Жүргізушілер - тележүргізуші Ерлан Игисинов және Қымбат Досжан.