​Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

14 желтоқсан, 18:02

Қылмыстық іс Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотқа 2018 жылдың 13 желтоқсаны күні түсті. Үш адамға айып тағылуда, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«А.Б.Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағы, 2-тармақшасы (алдын ала сөз байласу арқылы топтасып ұрлау), 192-бабының 2-тармағы, 1 және 4-тармақшалары (алдын ала сөз байласу арқылы қарумен немесе қару ретінде қолданылатын заттармен топтық қарақшылық жасау), 99-баптың 2-тармағының 7 және 8-тармақшалары (алдын ала сөз байласу арқылы, қасақана, яғни, жалдану немесе қарақшылық не бопсалаумен кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда.

Н.Д.Қиясов ҚР ҚК 192-бабының 2-тармағы, 1 және 4-тармақшалары (алдын ала сөз байласу арқылы қарумен немесе қару ретінде қолданылатын заттармен топтық қарақшылық жасау), 99-баптың 2-тармағының 7 және 8-тармақшалары (алдын ала сөз байласу арқылы, қасақана, яғни, жалдану немесе қарақшылық не бопсалаумен кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда.
Ж.У.Толыбаева ҚР ҚК 188-бабының 2-тармағы, 1-тармақшасы (алдын ала сөз байласу арқылы топпен ұрлық жасау), 434-бабы бойынша (қылмыс туралы хабарламау) қылмыс жасаған деп айыпталуда.
Қылмыстық іс 38 томды құрайды, іс бойынша 3 айыпталушы бар» делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Басты сот отырысының қай күні өтетіні әлі хабарланған жоқ.