Шамалған оқиғасы: Зардап шеккен балалар есін жиды

11 қазан, 11:27

Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.

"Олар комадан шығып, қазір № 2 қалалық балалар ауруханасында оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Алғашында балалардың үлкені комадан шығып, одан кейін кішісі есін жиды. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін хабарланғандай, үш және бес жастағы екі бала жедел жәрдем орталығына жеткізілді. Сондай-ақ, пойыз бен автобус қақтығысынан шеккен әйел реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінен жарақат бөлімшесіне ауыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте сағат 19: 08-де Алматы облысы, Алматы – Отар учаскесінің Ақсеңгір – Шамалған өткелінде №43 "Алматы-Қостанай" жолаушылар пойызы "Setra" маркалы №456 "Алматы-Қаскелең" рейстік автобусымен соқтығысқан. Көп ұзамай желіде көлік апатының видеосы пайда болды.