Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

26 желтоқсан, 10:08

168 бала қауіпсіз жерге көшірілген.

ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша, 25 желтоқсан күні сағат 12:46-да өрт қауіпсіздігі кезекшісіне Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы "Аққу" балабақшасынан өрт шыққаны туралы суыт хабар түседі. Ұшқын 2-қабаттағы меңгерушінің кабинетіндегі жиһаздан шығып, 8 ш.м. жер жанған.

Өрт сөндірушілер келгенше балабақша қызметкерлері 168 баланы қауіпсіз жерге көшірген. Өрттің беті сағат 13:00-де қайтарылып, 13:25-те толық сөндірілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.