Бұл туралы Instagram парақшасында Анжела Вавилова атындағы қор хабарлады.
Белгілі қазақстандық әнші Қазан балалар хосписіне барды. Лейсан есімді қыз сырқатымен күресуге Димаш шығармашылығы шабыттандыратынын айтты.
"Соңғы сәтке дейін біз оның келуін Лейсаннан құпия ұстадық. Оның қалай қуанғанын сипаттауға тіл байлығымыз жетпейді", - деп жазды онкоболгиялық балаларға көмектесетін Анжела Вавилова атындағы қордың өкілдері.
Әнші сауыққан соң қызды өз концертіне шақырып, бірге фотоға түсті.