Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергендің The world ' s Best американдық шоуында көрсеткен өнерінің тизері YouTube-тағы "Dimash MV" каналында жария етілді. Төрешілер Димаштың өнеріне тәнті болып, таң қалысты.
Димаш Құдайберген бұл жолы Қытайда өткен "I' m A Singer" шоуында көпті тәнті еткен "S.O. S d 'un terrien en détresse" композициясын орындады. Қазылар алқасы мен сарапшылар әнді тұрып тыңдап, сөз соңында ұзақ уақыт қол шапалақтады.
"Сен The world' s Best шоуының ұйымдастырылуына негізгі себепсің", - деді төрешілердің бірі - актер және тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз.