Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, Талдықорғанда жұмыспен қамту орталығының директоры мемлекеттік аудиторға пара бергені үшін күдікті болып отыр, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директорының үсінен пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының орынбасары арқылы "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ мемлекеттік аудиттің бас маманына 400 мың теңге көлемінде пара бергені үшін күдікке ілініп отыр", - делінген таратылған хабарламада.