Астанада құрылыс дүкенінің сатушысы алаяқтық жолмен клиентті алдап келген. Полицияға жергілікті тұрғындардың бірі арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, сатушы алаяқтық жолмен ақшасын иемденіп алған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде 46 жастағы әйел ұсталды.
«Тергеу барысында күдіктінің Тұран даңғылының бойындағы құрылыс дүкенінде сатушы болып жұмыс істегені анықталды. Аталған фактіге сәйкес «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.