Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен ер кісінің қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға қала орталығындағы азық-түлік дүкенінде болған. Ер кісі дүкеннің есігін бұзып кіріп, Samsung ұялы телефоны мен темекі өнімдерін ұрлап кеткен. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.