Шымкенттің мейірімді жандары акциядан тыс қалмауға шақырады

24 қараша, 16:00

"Мейірімділер клубының" еріктілері "Жаңа жыл" мерекесіне орай ерекше акцияны іске қосты. Яғни, тұрғындарды жағдайы төмен отбасыдан шыққандар мен балалар үйінің тәрбиенушілеріне мерекеге орай тәттілер тарту етуге шақырды.

"Бәлкім біреулер үшін тым ерте шығар. Бірақ, бізге 1500 балаға сыйлық алып үлгеру керек. Біздің қалада млн тұрғын бар, ал сыйлық небәрі 1500 қажет",-дейді еріктілер.

Шымкент қаласының кез келген мейірімді тұрғыны 15 желтоқсанға дейін бір балаға сыйлық дайындап, "періште" атана алады. Сыйлық бағасына шектеу жоқ. Және оны дүкеннен сатып алуға немесе өзі қолдан тәттілер топтамасын жасап әкелуіне болады. Еріктілер шаһарда бұл акцияға бей-жай қарамайтын жан табыларына үміттеніп отыр.
"Біз кедейлікке қарсымыз, бірақ өкінішке орай, Қазақстанда әрбір бесінші бала кедейлікте өмір сүреді. Әсіресе көп балалы отбасылар мен мемлекеттен берілетін жәрдемақыдан қағылғандар үшін жағдай қиын" деп жазды акция ұйымдастырушылары желідегі ресми парақшасында.
Достар, егер сіз жақсы іс жасағыңыз келсе, оны дұрыс арнаға бағыттай біліңіз. Сыйлықтарды жинау 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі!!!
Айта кетерлігі, "Мейірімділер клубы" қайырымдылықпен айналысатын еріктілерден құралған ұйымдардың бірі.
Жауапты Еріктілер:
Наргиза 87086757420
Гузаль 87021127257
Гаухар 87077620094