Демалыста шегара аспақ болсаңыз, салықтан қарызыңыз болмасын

28 мамыр, 15:43

Шымкент қаласы бойынша МКД ескертеді: «Алда демалыстар мен шетелге шығу маусымы. Көптен күткен демалысты бұзбау үшін және түсініспеушіліктерді болдырмау үшін, салық төлеушілерді салық және төлемдер бойынша берешектің бар-жоғын тексеруге шақырамыз».

Бұл үшін ҚР ҚМ МКК сайтында ЖСН енгізу жеткілікті http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web ("Электрондық сервистер" бөлімі - "мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер". Бұған кез келген гаджет - смартфондар, айпадтар, планшеттер және т. б. пайдалана аласыз.

Берешек болған жағдайда төлемді кез келген екінші деңгейдегі банкте, Қазпошта бөлімшелерінде немесе электрондық порталдар арқылы жүргізуге болады.
1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2019 жылы-2525 теңге) астам мөлшерде салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін Мемлекеттік кіріс органы берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және жеке тұлғаға жібереді. Бұл ретте, электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаларға хабарлама мен бұйрық салық төлеушінің кабинеті арқылы жіберіледі. Бұдан әрі, борыштарды өтемеген кезде, салық бұйрығы тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжат сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындату үшін ж