2018 жылдың соңында Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы 8 мекеме өз жұмысшыларына 187 млн 135 мың теңге қарыз болып, 983 адам жалақысыз қалды.
Шымкент қаласы және Түркістан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Берік Бекжановтың айтуынша, о баста жалақы қарызы 319 млн 559 мың теңге, ал борышкер-кәсіпорындардың саны 14 болған. Берік Бекжановтың сөзінше, осы кәсіпорындардағы кәсіподақ бірлестіктері және «Нұр Отан» партиясының филиалдары, облыс пен қала әкімдіктерінің өкілдері енген үш жақты комиссияның бірге жұмыс істеуінің нәтижесінде жалақы қарызының мөлшері төмендетілді.