Биліктегілердің пікірінше, бұл сайт беттерінде терроризмнің насихатталуы бар. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өткен дінтанушылар форумында мәлімдеді.
"2019 жылдың басынан бастап меншік иелері мен интернет-ресурстардың әкімшілігі 25 мыңнан астам заңға қайшы материалдар алып тастады. Терроризм және діни экстремизм идеологиясы насихатталған 13 мыңнан астам материалдарға қол жеткізу шектелді", - деді Абаев.