Досының жаңа машинасына көрімдік берген жігіт желіде қызу талқыланып жатыр. Ер азамат көрімдікті досының қолына емес, тұлпардың есіктеріне қыстырып қойған. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында бөлісті.
«Құтты болсын, досына да жұғысты болсын», «Машина иесі адал дос бола білген ғой», «Достар аман болсын», «Бәріміз осындай күндерге жете берейік», «Құтты болсын», «Бәрекелді», «Машинаны игілігіне мінсін», Жарайсың», «Көрімдік деп осыны айт», «Нағыз азамат екен. Мына заманда мұндай жігіттер аз ғой,» «Сөз жоқ, керемет» деп жазды желі қолданушылары.