2018 жылдың соңына қарай жас қызметтестерін жүйелі түрде ұрып-соғып, әр түрлі дәрежеде жарақаттағаны үшін Тәжікстан шекара әскерлерінің екі солдаты істі болды. Барлық алынған жарақаттар сот-медициналық сараптамалармен құжатталған. Бұл туралы Душанбе гарнизонының соты мәлімдеді, деп хабарлайды Asia-Plus.
Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің 0121 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мұстафо Гафоров және оның көмекшісі, қатардағы жауынгер Абдусаме Хомидов 2017 жылдың күзінде қызметке шақырылған. Ал 2019 жылдың қаңтар айында екеуіне қатысты 373 (әскери қызметшілердің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу) және 391 (билікті немесе қызметтік жағдайды теріс пайдалану, лауазымдық немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану немесе биліктің әрекетсіздігі) баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Душанбе гарнизоны сотының шешімімен М. Гафоров 2,6 жылға және А. Хомидов 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды.