Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-пен бірге шұғыл операция жүргізіп, интернет арқылы есірткі сатқан деген күдікпен ауылдың екі тұрғынын ұстады. Ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі. Есірткі сататын бұл орынды әшкерелу операциясы барынша сақтықпен жүзеге асырылған. Соның нәтижесінде аудан аумағынан шағын зертхана табылып отыр. Онда есірткі жасалып, ары қарай сату мақсатында қалташаларға салынып отырған. Сол жасырын орыннан 6 келіден жоғары есірткі табылды, бір бөлігі көкнәр болып шыққан. Қалғаны бөлігі, әзірге белгісіз, синтетикалық жолмен алынған қоспа болуы мүмкін.