Шымкент студенттері "EcoStudentKZ"челленджін қолдады

02 қазан, 16:12

Елімізде жанашыр студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды.


Алғаш болып шымкенттік студенттер "Қошқар ата" өзенінің жағалауында бейберекет жатқан қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.


Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.


Қазақстан тұрғындарына айтарымыз - өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы ЭКО-Челлендж қозғалысын белсенді қолдайды. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan эко-челлендж қозғалысын қолдаған болатын. Президент бұл туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл елде өрбіген ЭКО-Челлендж қозғалысын қатты қолдаймын. Елді тазалық аумағына айналдырайық. Бірге-Таза Қазақстан! Еріктілер жақсы!"- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын өткен аптада ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған болатын. Қозғалыс бүкіл ел бойынша кең қолдау тапты.

Сонымен қатар, үшінші мегаполисте қаланың тазалығы челлендждерсіз бақыланады. Қазір қысқы кезеңге дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгеріміндегі аллеялар, скверлер, саябақтар және басқа да демалыс аймақтары ретке келтіріледі.

"Наурыз, Жайлаукөл, Абай саябақтарында, Шамшы, Нұрсат және Ордабасы скверлерінде саябақтардың ирригациялық жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасуда. Сондай - ақ, қала аумағында Басқарма қарамағындағы 37 субұрқақты консервациялау жұмыстары жүргізілді",-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствода атқарылып жатқан жұмыстар қаланың басқармасы мен коммуналдық қызметтері тарапынан қатаң бақылауда екенін атап өтті. Мердігерлік мекеме жанынан 300 жұмысшы, 52 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында үшінші мегаполисте өзендер мен су арналарын тазарту аяқталды. Бір апта ішінде арықтардан, каналдардан және бұлақтардан 200 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Айта кетейік, үшінші мегаполис аумағында жалпы ұзындығы 97,7 шақырым болатын тоғыз арна орналасқан. Олардың барлығын механикалық жолмен тазартуға болмайды, ал қолмен көп уақыт пен ресурстар қажет

#EcoStudentKZ

#Шымқала_жастары