Жамбылда "Қазпошта" филиалының экс-директорына үкім шықты

06 ақпан, 10:32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б. Б. Пірәлі аталған мекемеге жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп күдіктенген.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Б. Б. Пірәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылу жазасы тағайындалып, 7 млн. 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.