«Оңтүстік Академиясы» ФК Қазақстан Кубогының 1/8 финалына шықты

01 сәуір, 16:00

«Оңтүстік Академиясы» ФК Қазақстан Кубогының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Трофей үшін күреске еліміздің премьер-лигасында ойнайтын 12 команда және турнирдің алдын ала кезеңінің жеңімпаздары болған 4 клуб қатысады. Алдағы раунд бір ойыннан тұрады және ол 10 сәуірде өтеді.

Қазақстан Кубогының 1/8 финалында шымкенттік команда қызылордалық "Қайсар" командасымен кездеседі. Үшінші мегаполистің тағы бір клубы көкшетаулық "Оқжетпеспен" ойнайды.