Қайғылы оқиға 10 қаңтар күні орын алған.
Шымкент қалалық ТЖД кезекшілік пультіне сағат 16.47 де шұғыл хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 2 төтенше жағдайлар департаменті қызметкері келіп жеткен.
Шымкент қаласы Ынтымақ шағынауданы Сүйінбай көшесіндегі үйлердің бірінде 1997 жылы туған қыз баланың мәйіті табылған.
Алдын ала белгілі болғаны, қайғылы жағдайға үйдегі газ колонкасындағы ақау себеп болуы мүмкін.
Шымкент қалалық ТЖД жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларына қырағылық танытып, сақ болуға шақырды.
Автор: Жанна Шоман