1 мамырдан бастап газдың ақысын қайда төлеуге болады?

26 наурыз, 17:00

1 мамырдан бастап "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ШФ кассаларында тұтынылған газ үшін ақы төлеуге болмайды. Мұнда тек алдын ала төлем кассалары ғана қалады.

Тұтынған газ үшін төлемді келесі орындарда төлей аласыздар:

1. «ЭНЕРГОПОТОК» ТӨЛЕМ КАССАЛАРЫ;

2. «ХАЛЫҚ БАНК» ТӨЛЕМ КАССАЛАРЫ және ТЕРМИНАЛДАР;

3. «ҚАЗПОШТА» ТӨЛЕМ КАССАЛАРЫ;

4. «QIWI», «КАССА24» ТӨЛЕМ ТЕРМИНАЛЫ;

5. «ОНЛАЙН БАНКИНГ» банктік төлем карталары арқылы.

Карталық есеп құралдары бойынша төлем қабылдау:

  • Шымкент филиалы, Темірлан тас жолы 20/2
  • №3 Газ бөлімі, Уәлиханов к-сі 22/33 (11 м.ауд.)
  • № 6 Газ бөлімі, Әбдіразақов к-сі 1/16