Бас көлік прокуратурасы мүгедектер арасында сауалнама жүргізіп жатыр

25 қараша, 09:00

Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ Орталық кеңесінің мүшесі Нияз Сүндеталиев Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Сүндеталиевтің айтуынша, бұл сауалнама көлік саласының сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр екен.

"1) Мүгедектік тобы (1,2,3)
2) Қала
3) Мүмкіндігі шектеулі ( есту қабілеті, көру, қоларба тұтынушысы, басқалары)
4) Қалааралық автобус, темір жол немесе авиа транспорт түрлерін қолданасыз ба?
Егер "иә" болса, дәл транспорттың қай түрін? Және жиілігі қандай?
Егер "жоқ" болса, нендей себеппен?
"Жауаптарды z26z@ya.ru электронды поштасы арқылы күтемін", - деп жазды ол.

Атап өтерлігі, сауалнама еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі.

ФОТО: Нияз Сүндеталиевтің Facebook парақшасынан алынды