Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев 9 мамырда заңсыз митингіге қатысуға шақыртуларға байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Elitar.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамыр күні заңсыз митингтерге қатысуға үгіттеу жүруде. Бас прокуратура бұған дейін осындай заңсыз акцияларға қатысу және ұйымдастыру жауапкершілігі туралы ескерткен.
Алайда, 1 мамыр күні
кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік
органдар қызметкерлерінің алдын ала
ескертулерін елемей, заңсыз митингтерге
шығып, олар әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. Олардың заңсыз іс-әрекеттерінен
азаматтардың демалуы мен тыныштығына
қауіп туды. Осыған байланысты митингілерді
ұйымдастыру мен өткізудің Заңмен
белгіленген тәртібін бұзуға жол
берілмеуге шақырамыз. Құқық бұзушылық
үшін кінәлілер заң алдында қатаң
жауапкершілікке тартылады.
Қоғамдық
қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті
қамтамасыз ету, сондай - ақ азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мақсатында Бас прокуратура арандатушылық
жасамауға және ел заңдарын бұзбауға
шақырады", - делінген хабарламада.