Блок-бекеттегі қос полицей өлімі: Кімдер қызметінен кетті?

27 мамыр, 10:14

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Алматы ПД басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады.

ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтады. Осы оқиғада екі полиция қызметкері қаза тапқан болатын. Тексеріс кезінде жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде олқылықтар болғаны анықталды. Тәртіп бұзған қызметкерлерге қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған. Сонымен қатар, БАҚ-қа ақпаратты бұрмалап ұсыну фактілеріне баға берілді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық қызметте жүрген тоғыз полицейге қатысты тәртіптік жазалау шарасы қабылданды. Олар:

– Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е. Сатаев;

– Алматы қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О. С. Мырзабеков;

– Алматы қаласы ПД Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О. Ақылбеков атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.

– Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М. А. Саттаровқа (бұрын полк командирі қызметін атқарған);

– Алматы қаласы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О. Көкірекбаевқа;

– Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А. Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.

– Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н. С Алмасбековке, Алматы қаласы ПД-нің бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К. Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды. Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қ.Д.Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.