Гимнастшы, экономист, оқушы: "Шымкент аруы-2018" байқауында кімдер бақ сынайды?

07 желтоқсан, 15:11

Экономист, гимнаст және мектеп оқушысының қыздар екенін басқа қандай байланысы бар? Кәсіби түрде алғанда ештеңе жоқ. Экономист кірісті тез есептеп берсе, спортшы – шыныққан, денесі иілгіш. Ал үшіншісі әзірге мұғалімдерін мұқият тыңдап, тестті өте жақсы бағаға тапсырып жүр. Дегенмен, қыздарға мұқият қарасаңыз, олардың әдемі екенін байқайсыз және Шымкенттің ең сұлу қызы атағынан үміткер екенін білесіз, деп жазады Elitar.kz.

24 қараша күні Mega Planet сауда – ойын-сауық кешенінде өткен кастингке 400-гу жуық ару келді. Бұл күні сауда орталығы бүр жарған гүлдер алаңшасына ұқсап кеткен еді. Дегенмен, әдемі қыз көп, ал жүлде – біреу. Айта кетейік, сұлулық байқауына қатысуға өтініш түрлі мамандық иелерінен қабылданды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалға шыққан бойжеткендердің төртеуі ғана кәсіпқой модель саналады. Осылайша ұйымдастырушылар барлығына мүмкіндік беріп отыр. Үміткерлер – мектепте оқитындар, жұмыс істейтіндер, сәнмен, бимен айналысатындар және киноға қызығатын қарапайым қыздар.

Нәтижесінде 16-26 жас аралығындағы 12 бойжеткен финалға шығып, қазіргі таңда сұлулық конкурсына қызу дайындалуда. Ұйымдастырушылар табиғи сұлулықтан бөлек үміткерлер үнемі тер төгіп, дайындалмаса, еңбек зая кетеді дейді.
Біздің бойжеткендер жаттығудан қорықпайды, сезімдерін де ашық білдіре алады. Балалар үйінде өткен қайырымдылық акциясында 16 жасар Лидия Казанцева ата-анасыз қалған балаларға сыйлық беріп жатып көз жасын жасыра алмады. Лидия үміткерлер арасындағы ең жасы, өзі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қатар.
Үміткерлердің арасындағы ең ересегі Жанар Рахымтай 25 жаста. Ол - кәсіби хореограф. Айтқандай, Лидия да бимен әуестенеді.
Бұл арулардың барлығы оқиды, жұмыс істейді және салауатты өмір салтын ұстанады. Мысалы, Алуа Әбенова ОҚМУ-да оқиды және қалалық емханада экономист болып істейді. Ләззат Тілеуберген де студент, тойханада әкімші болып жұмыс істейді. Полину Петрованы ivent агенттіктен кездестіруге болады. Ал Диана Сүлеймен – кәсіби гимнаст.