Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы парамен ұсталды

28 ақпан, 19:22

​Түркістан облыстық әкімдігінің МСҚБ басқармасының жетекшісі пара алды деген күдікке ілінді, деп жазады Zakon.kz мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.

Ұсталған шенеунік өз кінәсін толық мойындады. МҚСЖҚКА қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалиннің айтуынша, МҚСЖҚКА облыстық департаментінің қызметкерлері Түркістан облыстық МСҚБ басқармасы мен осы басқарманың лицензиялау бөлімінің жетекшілерінің пара алуға қатысты фактілерін анықтаған.

Бердалин жетекшілерге 380 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алған деген айып тағылуда деді. Ал ЖШС директорының орынбасары сыбайлас болған деген күдікке ілінді.
27 ақпан күні басқарма жетекшісі мен сыбайласы ұсталып, Түркістан және Кентау полиция басқармаларының уақытша ұстау абақтыларына қамалған. Кінәсін толық мойындаған бөлім басшысына қатысты процессуалды шара қолданылмады.
Фото: zakon.kz