Шымкент басшысы Forbes тізіміне енуге неліктен талпынбайтынын айтты

27 қараша, 17:30

​Шымкент әкімі Forbes тізіміне неліктен кірмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды тілшісі Elitar.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып Ғабидолла Әбдірахымов өмірде негізгі мақсат деп нені санайтынын айтып берді.

"Егер біз өз Отанымызды сүйетін болсақ, оның дамуына жұмыс істеуіміз керек. Ертең соның жемісін көреміз. Неге мен мемлекеттік қызметте жүрмін? Мен бизнесте де табысты жұмыс істей алатын едім. Forbes және барлық басқа журналдардың бірінші мұқабасынан табылуым мүмкін еді. Бірақ мен үшін басты мақсат – қоғамға, халыққа қызмет ету. Өйткені мен одан өзге игі ештеңе көрмеймін".
Оның пікірінше, бұл мақсат ұлттық идеяға айналуы тиіс.

ФОТО: ortcom.kz