Атыраудың бас мұғалімі парамен ұсталды

04 қаңтар, 11:23

Атырауда облыстық білім басқармасының басшысы мен оның орынбасары парамен ұсталды. Қайырғали Кенжеғалиева мен Роза Қабдулова 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Elitar.kz.

Шенеуніктің екеуі де Жаңа жыл мерекесі алдында ұсталды. Қолдағы мәлімет бойынша, жұмыс орнындағы құжаттар мен техникалар құрықталды, кабинет мөрленді. Басқарма басшысы мен оның орынбасары мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерді қамқорлығына алды деген айып тағылып отыр. Осы бойынша облыс әкімдігінде кеңес өтіп, өңірдегі барлық басқармалар тексерілетіні мәлім болды.

"Біздің әріптестеріміздің мұндай қылмыстарға күдіктенуі бізді жақсы жағынан сипаттамайды. Мен аудит жүргізу үшін арнайы комиссияны шақырдым. Барлық басқармалар тексеріледі...". - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов мәлімдеді.