25 наурыз, 14:18
Алматыда тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова карантиннен шығып, жұмысқа оралды, деп хабарлайды informburo.
Айзат Молдағасымова Алматыға Франкфурттан-на-Майне рейсімен ұшып келген. Ол елге елген бойда коронавирус инфекциясына тексеруден өтіп, нәтиже теріс болған. Сондықтан үйіне жіберілген. Бірақ кейіннен ол Cоvid-19 вирусын жұқтырған адаммен бір рейсте болғаны анықталды. Сондықтан бас санитар үй карантиніне жатқызылды.
- Шынында да, мен үй карантиніне жатқызылдым. 13 наурызда түскі уақыттар шамасында вирусты жұқтырған адаммен бір ұшақпен келгенім анықталды. Қазіргі таңда емхана дәрігерлерінің шешімі бойынша, карантиннен шығарылдым. Мен екі рет вирусқа талдаудан өттім, екеуі де теріс, – деді Алматының бас санитары.
Сонымен қатар ол өзіне қолайсыз елдердің тізіміне кіретін Германиядан келгендіктен бірден оқшаулануы тиіс деп тағылған айыпқа жауап берді.