Шымкентте статистика департаментінің бас маманына алаяқтық жасады деген айып тағылды

04 қазан, 16:10

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық статистика департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған.

Ол баға статистикасы басқармасының жетекші маманы лауазымына департаментке жұмысқа орналастырып беремін деп азаматтың 450 мың теңге ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдіктеніп отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.