Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 8 маусымда рингке оралады, деп хабарлайды Worldboxingnews.net сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Дереккөздің ақпараты бойынша, әлемнің экс-чемпионының қарсыласы американдық Брэндон Адамс болады. 29 жастағы боксшының қоржынында 2 жеңіліс пен 19 жеңіс бар. Жекпе-жек өткізу орны әлі белгісіз.Головкин үшін бұл жекпе-жек DAZN стримингтік сервисі бар үш жылдық ынтымақтастық аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Қыркүйек айында қазақстандық боксшы WBC, WBA (Super) чемпионы "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді деп күтілуде. Бірақ мексикандық былғары қолғап шеберін Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) қарсы жекпе-жек күтіп тұр. Ол Лас-Вегаста T-Mobile Arenaда 4 мамыр айында өтеді.