Апат уақтысында арыстықтардың 20 млн теңгелік мүлкі ұрланды

05 шілде, 12:20

Ұрлық туралы жүзден астам хабарлама Арыс қаласының тұрғындарынан келіп түсті. Ұрланған мүліктің жалпы сомасы – шамамен 20 миллион теңге, деп хабарлады Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

"Ұрлық туралы 120 өтініш тіркелген. Ұрлық тұрғындар болмаған кезде, тіпті эвакуация уақытында да орын алған. Сол кезде дүрбелең болды, ең бастысы - адам өмірі деп тұрғындар малы мен үйін тастай қашты. Өкінішке орай, бұл қиын жағдайды жеке мақсатта пайдалануға тырысқандар болған. Біздің бағалауымызша, ұрланған мүліктің жалпы сомасы - шамамен 20 миллион теңге", - деді Sputnik Қазақстанға Алексей Калайчиди.

Ұрлықтың бір бөлігі ашылды, деді ол қосымша.